Үріп жатыр үргіштердің иттері

Үріп жатыр үргіштердің иттері,

Жасық әнді шоу дейді ме,хит дейді.

Есер эфир,ғаламторда өрмекші

Күйрегенді,  құл болғанды күйттейді.

 

Ат төбелі аз қазақты аздырып,

 Ұрпағымды айламенен тоздырып.

Құрт кеп түсті тіліме де дініме

Жезөкшелік,жезтырнақтар мәз күліп.

 

 

Болашақты болжап кеткен Мөңке би,

Тас дуалдар,тас қамалдар зәулім үй.

«Әулиенің мазары бар өзі жоқ»

Ұлыстарым алауыз өңкей би.

 

Кім жеңеді соңы мұның белгісіз,

 Салдақылар, өзге әуез кімсіз сіз?

Тездет ақын, соңғы күрес бұл бізге

Көкте рухым тұнжырайды үн - түнсіз.

Күреспесек,

Тіреспесек,

 Бодан ойлар

Ойнақтайды тізгінсіз!